08.04.2023
  158


Автор: Бодо Шефер

МЕКСИКА

Сағат      түнгі     үш.    Карл     жазу үстелінде отыр. Оның алдында ол ары-бері дөңбекшіп, ұйықтай алма-ды. Аннаны ойынан шығара алмаған Карл іспен айналысқанды жөн көрді: үш сұрақты пирамидаға салғысы келді


және оған Аннаның ескертулерін де қосты. Сонымен қатар оның қазіргі жағдайға қалай көмектесетінін байқағысы келді. Ол бұрын да қандай да бір ұғымды өз сөзімен түсіндірген жеңіл екенін байқайтын. Ол пира-миданың суреті бар Аннаның карточкасын қолына алды, өз жазбаларын оқыды, кемпірдің сөздерін есіне түсірді, сонан соң күлгін күнделікке жаза бастады:


 


Марк «бақыт пен табыс менің өзіндік санамның деңгейіне байланысты» дейді. Ол үш бөлімнен тұратынын айтты:


 


Өзіңе сену.


Мен қазір өмірімде болып жатқан барлық оқиғаны басқара аламын. Болашақта мен барлық сынақты жеңіп шығатыны-ма сенемін. Мен білемін: БҰЛ МЕНІҢ ҚОЛЫМНАН КЕЛЕДІ! Менің аңғарғаным: шешуші сәтте бұл менің қолымнан келмейді, мен былжыр біреуге айналам.


 


 


Өзіңді құрметтеу.


Мен өзімді мейірімді және жақсы адаммын деп есептеймін, сондықтан да мен бақытты болуға лайықты-мын. Мен әдемі де бақытты өмірге лайықтымын. Мені басқа адамдардың жақсы көруіне лайықтымын. Мен өзімді бағалаймын. МЕН МАХАББАТҚА ЛАЙЫҚТЫМЫН. Менің аңғарғаным: менің бойымда ешқандай ерек-шелік жоқ. Мен қарапайым адаммын. Оқуды да жетістір-генім шамалы. Мен жақсы әзілдей аламын, бірақ осы үшін Анна мені жақсы көреді деп айта алмай-мын. Дегенмен мен оған ғашық болып қалдым. Мен, ол емес.


 


Өзің туралы түсінік.


Мен өзімді білемін. Мен қандай екенімді білемін және оған шүкіршілік етемін. Мен не қалайтынымды білемін. Мен өзімді түсінемін. Қандай шешім қабылдайтынымды және неге қабылдайтынымды білемін. МЕН КІМ ЕКЕНІМДІ БІЛЕМІН. Менің аңғарғаным: бұл тармақ бойынша мен мүлде қатты қиналамын. Бұл тым дерексіз нәрсе сияқты болып көрі-неді маған. Алайда өзімді жақсырақ танығым келеді. Марк пен Анна менің болмысымнан өзім білмейтін бір қасиетті байқаған болар. Шатасып кеттім.


 


Енді Карл осындағы ең маңыздыларын бір жерге топтастырғысы келді. «МЕНІҢ ҚОЛЫМНАН КЕЛЕДІ» деген тіркестің Карл үшін сиқырлы мәні бар еді. Бұл үш сөздің әрқайсысы оған сенімділік беріп тұрғандай еді. Сөздерді бірінің астына бірін жазды да әрқайсысының тұсына олардың беретін мағынасын жазып қойды:


Менің     –     өзім    туралы    түсінігім    (өзімді     қалай танимын)


қолымнан – мен лайықтымын (өзіне деген құрмет) келеді – жүзеге асыру (өзіне сену/ құзіреттілік)


 


Карл күнделікті бір жағына ысырып қойды. Ақылға салғанда, ол бәрін түсініп отыр, пазл анықталған сияқты. Бірақ одан ешқандай позитивті сезім туатын емес, бұл айтылғандардың өзіне түк қатысы жоқ сияқты. Мұның бәрі заң әдебиетін оқып шыққанмен бірдей еді: түсінуін түсініп отыр, бірақ жүрегін селт еткізер емес.


Ұялы телефонына Марктен кезекті хабарлама келді:


 


 


Мен керемет өмірге лайықтымын.


 


 


«Жақсы болар еді ...» – деп күрсінді Карл. Терезеге қараса, таң да ата бастапты. Ол тез сөмкесін жинады да, аэропортқа жүріп кетті.


 


 


Уәделескен жерде Марк, Анна және тағы екі жігіт тұр екен. Олар рейске тіркелді. Марк бәріне кофеге тапсырыс берді де, Карлды оңаша алып кетті.


– Саған Анна ұнай ма? – деп тікелей сұраққа көшті ол Карлдің көзіне тура қарап тұрып. Марктің оған қатысы жоқ деп есептеген Карл:


– Оны қайдан шығардың? – деп, жауаптан жалтаруға тырысты.


– Кеше мен Анна да бізбен бірге ұшады дегенімде сен терең күрсінген едің. Ал оның алдында Анна тура-лы сөйлескенімде оның қол жетпес арман екенін айтқан едің.


Алғашында жалтаруға тырысқан Карлдың енді оған ниеті болмай қалды.


– Дәл солай. Қол жетпес арман ол – деді Карл. – Оны кім айтты?


– Мен өзім.


– Кеңес берейін бе?


– Айта бер, - деп иығын қиқаң еткізді Карл.


 


– Бір кездері мен де қазіргі әйеліме ғашық болған-мын. Маған да ол қол жетпес арман сияқты елестейтін. Мен мұндай керемет әйел менен гөрі жақсырақ адамға лайықты деп ойлап, қашып кеткім де келген. Сондықтан бұл сезім маған жақсы таныс.


Карл Маркке таңқала қарады. Мына тұрған мықты да – Мидың өзі де – бұл сияқты қашып кеткісі келген бе?


– Сол кезде мен өзіндік сана проблемасымен айна-лыса бастадым. Мен ол кезде бұл менің болашақ маман-дығым болатынын білген жоқпын. Басында мен мұны тек өзім үшін жасадым. Мен тек осы керемет әйелдің қасында болғым келді және екінші сорттағы адам болғым келмеді. Қиын болды, бірақ менің қолымнан келді.


– Оны қалай жасадың? – деп сұрады Карл.


– Мен екі нәрсені түсіндім. Бізге әрдайым қабілетімізді жарыққа шығаруға күмән мен қорқыныш кедергі болаты-нын түсіндім. Біз «махаббатқа лайықсызбын» деп бақытқа бөлейтін адамдарымыздан қашып жатамыз. Сондай-ақ өзіміздің кім екенімізді және неге қабілетті екенімізді түсінбейміз. Сол себепті де біз жиі өзімізге ұнамайтын және табысқа апара алмайтын мамандықтарды таңдап жатамыз.


Карл оған әлі де таңдана қарап тұр еді.


– Бірінші түсінгенім, қорқынышты таңдай отырып, өз бақытымыздан бас тартады екенбіз. Махаббатты таңдай отырып біз бақытқа жол тартамыз, – деді Марк.


– Бұл жағдайда да, Анна маған қол жетпес арман болып қала береді – деп қарсыласты Карл.


– Онда соған лайықты адам бол. Бұдан басқа қандай мотивация керек саған. Айтпақшы, бұл менің екінші түсінгенім, қашып кету бәрінен оңай. Бұл қолайлы жол. Бұл жерде еш қиналмайсың. Алайда басқа да шешім бар: арманыңдағы әйел армандап жүрген ер азаматқа айнал. Мен сондай азамат боламын де. Бұл қиындау жол, бірақ перспективасы жақсы.


Марк селқос жымиды да:


– Менің әйелім мені ол кезде дәл өзім сияқты баға-лаған жоқ. Оның бағалау нұсқасы маған көбірек ұнады. Сондықтан мен өзіме оның көзімен қарай бастадым. Бұл менің өмірімдегі ең жақсы шешім еді. Міне, соның арқасында біз жиырма жылдан бері біргеміз. – Ол Карлға қатарт екі орын талонын ұсынды:


– Айтпақшы, сендер қатар отырасыңдар, – деді де, Карлдың иығын қағып қойды.


 


 


Ұшақта Анна Маркке қалай жолыққанын айтып берді. Ол Марк түстенетін мейрамханада даяшы болып істеген екен. Бір күні Марк келушілер аз кезде Аннадан өзі құрастырған жарнама мәтіні туралы пікірін сұрайды. Аннаға ол жалпы ұнағанмен, одан да жақсырақ жазуға болатынын айтады. Түстен кейін ол мәтінді өзі құрас-тырады да, келесі күні Марк келгенде, қолына ұстатады. Ол таңқалғаны соншалық, бірден оған жұмыс ұсынады.


– Қызық болды. Ес білгелі теледидардан болсын, баспадан болсын сәтті шыққан жарнамаларды жинап жүретінмін. Бұл маған ұнайтын, алайда бір кездері өзім жарнамамен айналысамын деп еш ойламаппын, тіпті бұған қабілетім бар екенін де білген жоқпын. Марктің ерекшелігі де міне осында, ол адамдардың кім екенін және неге қабілеті бар екенін түсінуге көмектеседі. Мен қатты өзгердім.


Карл Аннаға сенімсіздікпен қарады. Анна бұны байқады да:


– Сен мені бұрын көрсең ғой! – деді.


Олар жол бойы әңгімелесті. Кейде байыпты сөйлес-се, кейде күліп, әзілдесіп отырды. Бір кезде Анна соңғы кездері кез келген қиындықты жеңуге болатынын білгенін, ал жеңе алмаса, оны үйреніп алатынын айтты. – Мен кез келген жағдайда шешім табамын, – деді


Анна. Карл шынында да осылай екенін сезінді.


Анна өзінің сенімділігін бұлшықетін жаттықтырған-дай дамытқанын айтты. Адам бұлшықеттерін жаттықтыр-ған кезде күш түсіретін және төзімділікті шыңдайтын жаттығулар жасайды, сондай-ақ бұлшықеттерінің икемді болғанын қадағалайды. Күш, төзімділік және икемділік.


Сенімділік те, дәл сол сияқты. Миыңды «бұл менің қолымнан келеді», «мен махабатқа лайықпын», «мен кім екенімді білемін» деген түсінік пайда болғанша жаттықты-руға болады. Осылайша ментальдық күш, төзімділік және икемділік пайда болады.


Карлдың Аннамен өмір бойы сөйлесіп отыра бергісі келді.


 


Ұшақ қонған соң, олар интервью алынатын қонақ үйге келді. Марк Мексикада аса сыйлы, дана адам Дон Хосемен кездесетіндерін айтты. Онымен сұхбатты түсіріп алу керек болды. Карл және тағы екі жігіт камера-лар мен жарықтарды орналастыра бастады.


Дон Хосе бір топ нөкерімен кіріп келді де, алдымен Маркпен амандасты:


– Достым, сені көру маған үлкен сый. Сен сияқты адамдардың барын білудің өзі қандай бақыт, – деді де қалғандарымен амандаса бастады. Карл оған ден қоя қарады. Дон Хосе өте кәрі еді, алайда оның дәл жасын айту мүмкін емес-тін. Сондай-ақ, оның көздерінен дана-лығы көрініп тұрды.


Марк пен Хосе өздеріне дайындалған орындыққа отырды. Марк әңгімені бастап кетті:


– Өзіміз туралы ойлар орындалады. Адам өзіне өзі сенімді болғанда ғана оның өмірі қызықты да керемет бола алады. Алайда көп адамның бұл сенімі төмен деңгей-де. Неге бұлай? Сондай-ақ, неге осы ең маңызды қабілет сирек кездеседі? Оның себебі көп. Мұны түсінуге фило-софтар да, психологтар да, барлық дін өкілдері де, антро-пологтар да, әлеуметтанушылар да ұмтылуда. Тольтектер бұған қызықты жауап тапқан сияқты. Мен тольтектер тайпасының дана шипагері дон Хосемен сұхбаттасаты-ныма аса қуаныштымын. Қымбатты дон Хосе, сұхбатқа келіскеніңізге алғысымды білдіремін.


– Қайта мен рақмет айтуым керек. Маған сенің жұмы-сың өте маңызды болып көрінеді. Сен ғылыми зерттеу-лердің негізінде өзіндік сананың қалай жұмыс істейтінін түсіндіресің. Дәл қазір мен де өз үлесімді қосуға мүмкін-дік алып отырмын, сенің жаңа қойған «неге адамдарда бұл қасиет сирек кездеседі?» деген сұрағыңа жауап беріп көрейін.


Мен сендерге жұмақтағы Адам мен Хауа туралы айтып берейін. Көп адам оны біледі, бірақ оны түсіне бермейді. Тольтектердің болжамы бойынша бұл ежелгі уақытта болған қарапайым оқиға емес, ол мен және сен туралы тарих.


Алғашында біз жұмақта тұрдық. Бұл белгілі бір жер емес, өзімізді және бізді қоршаған әлемді қалауымыздағы-дай көретін сезім деп айтса болады. Бұл оқиғада екі ағаш туралы сөз болмақ. Біріншісі – таным ағашы болатын, адам мен Хауаға оның жемісін жеуге тыйым салынған. Оларға тіпті ағашқа жақындауға тыйым салынды, олар талапты орындамаса жұмақтан қуылатынын жақсы білді.


Неге Құдай олардың бұл ағашқа жақындағанын қала-мады? Өйткені оның бұтақтарында өте үлкен және өте улы жылан өмір сүрді. Бұл жылан қорқыныш пен үрей шашатын еді. Қорқыныш оның уы болатын. Сондықтан да ағаштың жемісін жегендер жыланның дауысын естіп, әп сәтте қорқынышпен, үреймен уланып қалар еді.


 


Адам және Хауа оны білген жоқ, олар барлығына сенетін. Тыйымға қарамастан олар ағашқа жақындады да, жыланның дауысын естіді. Жылан сөйлей бастады ... .Біз бұл оқиғаға сенеміз, өйткені ол бәріміз туралы. Дон Хосе үнсіз қалды. Марк:


– Бұл қандай оқиға? Және неге оны әрқайсымыз туралы дейсің? – деп сұрады.


– Көп адам бұл оқиғаны біледі, мысалы Библия-дан. Адам және Хауа жемісті жеді де, барлығы өзгерді, жұмақтан қуылды. Тольтектер: «Оқиғаның қиратқыш күші ішкі күмән мен қорқынышты туындатады» дейді.


Адам мен Хауа бізді және біздің оқиғамызды білдіріп тұр. Біз әлемнің мейірімділігіне, өзімізге сенуден қалдық. Біз күмәнмен уланғанбыз.


Біз шындықтан теріс айналамыз. Ал шындық болса: «біз бар болмысымызбен өзімізге ұнаймыз» дейді. Біз өзіміз туралы жалған тарихқа сенеміз, ал шындықтан теріс айналу – күнә. Өзімізге күнә артып, өз-өзімізге сенуден қалдық. Сенімділігімізді жоғалттық.


Жылан бізге екі жалған ой айтты, біріншісі – сен аса жақсы адам емессің, қолыңнан түк келмейді, махаббатқа лайық емессің. Сондықтан да көп адам өзінің кім екенін білмейді. Біз өз болмысымыздан қаша алмаймыз. Біреу-дің бейнесіне кіру арқылы кім екенімізді ұмытамыз және мына әлемге не үшін келгенімізді түсінбейміз.


Екінші жалған ой одан да сорақы: сенің қолыңнан келмейді. Кішкентай балалар қолынан бәрі келетініне сенімді, сондықтан да олар жұмақта өмір сүреді. Оларға аса жақсы емес екендерін айта бастайды. Нәтижесінде екі оқиға да өмірлік, біздің қолымыздан түк келмейді, ананы істей алмаймыз, мынаны да істей алмаймыз.


– Сен екі оқиғаны бір арнаға тоғыстырып жіберген сияқтысың, – деді Марк.


– Иә, – деп келісті Хосе – қысқаша айтқанда сен лайықты емессің, түк білмейсің, қолыңнан ештеме келмейді дегенге саяды. Бұл оқиға біздің жеке тұлға-мызды анықтайды, сол арқылы әлем бейнесі және өз келбетіміз қалыптасады. Библияда Адам мен Хауа жемісті жегеннен кейін өздерін жалаңаш сезінгені айтылады. Олар өздерін кінәлі және лайықсыз деп сезінгендіктен Құдайдан тығылып қалады. Осылайша олар өздерінің жұмағын жоғалтып алады.


– Өзіндік санада бұл нені білдіреді?


– Олар сол өзіндік сананы жоғалтып алды. Олар өз-дерінің кім екенін, неге қабілетті екенін, несімен баға-лы екенін ұмытып қалды. Олар әлемді түсінуден қала-ды, өйткені әлем біздің ішкі дүниеміздің көрінісі. Демек, олар әлемге де сенбейді деген сөз.


– Күдеріңді үзе бер дегендей естіледі екен, – деді Марк.


– Жоқ, - деп күліп қойды Хосе – оқиға мұнымен біткен жоқ. Менде жақсы және нашар жаңалық бар. Өз-өзімізге сенімділікті жоғалтқанымыз – нашар жаңалық. Жақсысы сол, біз оқиғаны ары қарай өзіміз өрбіте аламыз. Шын мәнінде екі ағаш бар ғой. Біріншісі – жалғандық жаршы-сы, біз оған сенбеуіміз керек, оны тыңдамау керек. Екінші ағаш – өмір ағашының дауысына құлақ салуымыз керек. Оның жемісін жесек, өз-өзімізге сенімді боламыз, жігер пайда болады, армандарымыз ешқашан өшпейді.


– Өмір ағашынан келетін даналықты сен қалай түсін-дірер едің?


– Екінші ағаш: «Мен лайықтымын. Менің қолымнан келеді» – деп сендіреді.


– Бұл оқиғадан қандай сабақ алу керек екенімізді түсіндіріп берші, – деп өтінді Марк.


– Біз өз тарихымызды өзіміз жаза аламыз. Біз арма-нымызбен өмір сүре аламыз, өз ойымызды және өзіміз туралы пікірімізді өзгерте аламыз. Біз күн сайын жаңа оқиға құрастыра аламыз. Күн сайын, – деп жауап берді Хосе:


– Бақытты болудың жалғыз жолы – саған бақыт сыйлайтын өз оқиғаңды өзің жазу, өзіңе деген көзқара-сыңзы өзгерту. Күн сайын өмір ағашына барып, оның жемісін жей отырып, өзіңе сенім ұялатуға, өмірдің мәнін түсініп, күш-жігер алуға болады, өзің туралы басқаша ойлай бастайсың. Басқаша айтқанда, өзімізді жазғыруды тоқтатсақ, жұмаққа барамыз. Ол үшін өзіңе: «сен жаман-сың» дегеннің орнына «сен жақсы болуға тиіссің» деуің керек.


– Өзімізге қандай сұрақ қоюымыз керек?


– Өзім туралы оқиға маған бақыт сыйлай ма? – деп ойланбастан жауап берді Хосе. – егер бақыт сыйламаса оқиғаңызды өзгертіңіз.


 


Карл егде тольтектің барлық сөзін түсінгеніне күмән-ді еді. Неғылған екі ағаш? Ол Марк пен Аннаның қасын-да өзін әдеттегіден еркін сезінетінін түйсігімен сезді, мүмкін олардың сенімінен шығар, бұл оған күш беріп, көңіл-қошын көтерді.


Карл басқа адамдармен: әке-шешесімен, кейбір доста-рымен, түсіру алаңындағы әріптестерімен сөйлескен-де өзін басқаша сезінетін. Ол жағдайда көбіне: «Менің қолымнан келмейді. Мен оған лайық емеспін» деп ойлар еді. Мүмкін тольтек дәл осы жағдай туралы айтып тұрған болар. Карл Марктен анықтап сұрап алмақшы болды.


 


Дегенмен, әуелі кешкі ас ішу керек болды. Марк устрицаны ұнататындықтан, өзіне толық тәрелке тапсы-рыс берді. Бұл дәм басқа ешкімге ұнамаса керек, Марк бәріне ұсынғанмен ешкім түртіп алмады.


 


– Саған көбірек қалады, – деп күлді Карл. Өзі жақсы стейкке тапсырыс берді, Анна вегетариандық болатын, қалғандары пастаға тапсырыс берді. Тамақ өте дәмді болды. Олар бірнеше сағат әңгіме айтып көңілді отырды. Кешкі астан кейін Марк пен Карл отельдің қасындағы саябаққа сеуілдеуге шықты. Саябаққа апарар жол жап-жарық еді. Марк Карлдан екі-үш қадам алда келе жатқан.


Екеуі де қалың ойға шомып кеткен еді.


Кенет Карл ерекше көрініске куә болды, оған Марктің жүрегі артынан соғып тұрғандай көрінді, тіпті пиджагі-нен айқын көрініп тұрған еді. «Мүмкін емес» деп ойлаған Карл Марктен не болғанын сұрады.


– Мен өзімді нашар сезініп тұрмын. Бәрі кенеттен басталды. Шамалы отырайын, – деп күбірледі Марк. Ол орындыққа қисайып отыра кетті, Карл қасына жайғасты.


Марктің қызарып тершіп кеткен түрін көрген Карл шошып кетті. Ол ақырын оның маңдайына қолын қойып еді, жанып тұр екен. Сосын қолын ұстап көріп еді қолда-ры жансыз және сұп-суық еді. Қорқынышты жағдай болып жатыр еді. Марк көзін жұмып, селсоқ отырды. Карл не істерін білмей сасқалақтады. Мектепте алғашқы көмек көрсетуді үйреткенде тыңдамағынына өкінді.


Марктің жүрек тұсына қолын қойғанда оның жүре-гінің қатты соғып жатқанын сезді. Карл Марктық өліп бара жатқанын білді. Неге екенін білмесе де, ол сенімді еді. Осы кезде оның ойына устрица түсті, тез арада асқа-занын тазалау керек деп ойлады.


Карл екі саусағын Марктің аузына барынша тықты. Оның жоспары іске асты. Марк еңкейіп, құса бастады. Карл барынша көмектесуге тырысты. Марк ұзақ құсты. Сонан соң оның бүкіл денесі икемге келмей, отыруға да шамасы жетпей қалды. Карл оның аяғын отырғышқа қойып, қырынан жатқызды да, өзінің пиджагін шешіп, Марктің басына жастады, сөйтті де қонақ үйдің вестюбиліне қарай жүгірді. Қызметкер қонақ үй дәрігерін шақыруды ұсынды.


– Ол жеткіліксіз, тез жедел жәрдем шақырыңыз, оның жағдайы нашар, – деп айқайлады Карл. Анна Карлдың даусын естіп:


– Уайымдама, өзім шақырам, – деп дауыстады.


Карл Марктің қасына жүгіріп барғанда, ол қимыл-сыз жатқан, жағдайы жақсарған сияқты көрінді, жай ғана мұрнының астынан:


– Бәрі жақсы, – деді.


– Сен сандырақтап жатырсың, – деді де еріксіз жымиды Карл. Марктің жағдайы ауыр болса да Карлды қорқытқысы келмеді. «Не деген адам! Осыншама күшті қайдан алады екен?» деп ойлады Карл.


Жедел жәрдем де тез келе қалды. Кейін Анна оларға көп сыйақы берем деп уәде еткенін айтып берді. Әйтпеге-се, Мехикада жедел жәрдемнің тез келуі таңғажайып болар еді. Дәрігер бірден тексеріске көшті. Минут өпей жатып, ол: «Veneno, у» деді. Ол Марктің жеңін түріп жіберді де, дәрі тамыза бастады. Осы уақытта үнемі жүрек соғысын бақылап отырды. Жүрек соғысы жиілей бастады.


– «Nada de bueno» – жақсы емес, – деп міңгірледі дәрі-гер. – Жүрекке күш беру керек, уды жеңе алмай жатыр. Дәрі тамызғыштың әсерін күте алмаймыз.


Ол өте ұзын инесі бар шприцті алды да, Марктің мойнындағы күре тамырын сипалап көрді, терісін спирт-пен сүртті де екпе салды.


– Бұл жүрекке көмектеседі.


Қосымша дәрігер санитарларына нұсқау беріп, бара-бара суып бара жатқан Марктың денесін орап тастады. Ол Карлға:


– Егер суық жүрекке жетсе ол өледі. Оны тоқтату керек. Онымен сөйлес, есін жоғалтпасын, – деді.


Карлдың көздеріне жас үйірілді, дегенмен санасы анық еді. Ол не дерін білмей Марктың құлағына: – Бәрі жақсы болады, - деді.


– Мен саған айттым ғой, – деді Марк әзер сөйлеп. Осы кезде Карлге Марк езу тартып жатқандай көрінді.


Екпе әсер етті. Алдымен Карл оның жүрегінің соғысы баяулағанан сезді. Дәрігер сұқ саусағын жоғары шошайтып:


– «Va a vivir» – тірі қалады, – деді.


– Енді оған ұйықтау керек, – деді дәрігер. Марк бір өлімнен қалды, дегенмен оны ауруханаға алып кетті.


 


Барлығы артта қалған кезде Карл денесі дірілдеп тұр еді. Ол вестюбильдегі диванға отырғанда, денесінің сіресіп қалғанын сезді. Ол жылап жіберді. Біраз уақыт моншақтаған жас бетін жуып кетті, бірақ ол одан ұялма-ды. Ол ішкі дүниесінде бір өзгеріс болып жатқанын сезді.


Анна Карлды мұқият бақылап тұрған еді. Ол қолын Карлдың қолына қойды да жаймен сипады, қасында үнсіз отыра берді.


Сосын барып:


– Жас – маңызды белгі. Кейде жүрек өзінің түсін-генін осылай жеткізеді.


Карл үнсіз басын изеді. Иә, ол бір маңызды нәрсені түсінді, бірақ оны сөзбен жеткізе алмады. Анна ақырын Карлды құшақтады да бетінен сүйді.


 


Келесі күні команда не болғанын білді. Бұл әдеттегі-дей тамақтан улану емес еді. Аспаздың көмекшісі устри-цаға ұн екен деп, жәндіктерді улайтын у сеуіп жіберген. Егер дон Хосенің туысы сол мейрамханада істемесе, шындық әйгілі болмас па еді. Барлығы әлемдік санат-тағы осындай отельде мұндай жағдайдың орын алғанына ренжіді. Бастысы, Марк жақсы тынығып, оңалып келе жатыр еді.


Карл Марктің өмірін құтқарып қалды. Марк жалғыз жүргенде тірі қалуы неғайбыл еді. Карлдың Маркты құстырғаны маңызды болды, осылайша ол ағзадан бірша-ма удың шығуына көмектесті. Сонымен қатар дәрігер де қажетті шаралардың бәрін жасады.


 


 


Марк өз-өзіне келгенін күту үшін кері ұшуды екі күнге шегеруге тура келді.


Таңғы ас кезінде Карлдың ұялы телефонына хабарла-ма келді. Мүмкін емес! Ол Марктен еді:


 


Мен өмірге және достарыма сенемін


 


 


Карл Марк оның досына айналғанын түсінді. Кенет өзін бай сезінді. «Иә. Марк шынында да өмірге сенеді. Менде де сондай сенім болса ғой!» – деп ойлады Карл.


 


Кейінірек ол Марктің көңілін сұрап келген дон Хосе-мен сөйлесті. Шипагер Карлдың қалай әрекет еткенін естіген еді, ол оны мақтай жөнелді.


– Сен бәрін дұрыс жасадың. Мұндайды ішкі дана-лығымен байланысы бар адам ғана жасай алады.


Карлға бұл аса ұнамады. Ол жалтарып кеткісі келген-мен дон Хосе даналықпен жымия отырып:


– Лайықты мақтауды қабылдай білген адам – кемелі-не келген адам.


– Олай болса мен әлі кемелдене қоймасам керек, – деп Карл әңгімені өзіне қатты әсер еткен екі ағаш оқиға-сына бұрғысы келді. – Маған сенің жұмақ туралы айтқан тәмсілің қатты ұнады. Ол жерде басты рольде жазалаушы Құдай емес, еркіндікке ие адам ойнайды. Біз шындық пен жалғандық және сенімділік пен қорқыныш арасында таңдау жасай аламыз.


Дон Хосе басын изеді:


– Бұл тәмсілді түсінгеніңе қуанып тұрмын.


– Алайда мен осы екі ағаштың нені білдіретінін әлі толық түсінген жоқпын.


– Басқа адаммен кездескеннен кейін сен не күштірек, не әлсіз бола түсесің, – деп түсіндірді дон Хосе. – Сен өзіңе не сенімдірек боласың, не өзіңе деген сенімің азая түседі. Әлемдегі әдемілікті көбірек не азырақ көре бастай-сың. Бала кезіңде қай ағаштың жемісін жеуді білмейсің, өйткені сенде таңдау мүмкіндігі болмайды. Алайда сен қазір ересексің. Ересек болу дегеніміз таңдау мүмкіндігі бар деген сөз. Адамдардың көпшілігі сол бала қалпында қала береді, менің таңдауым жоқ деп өзіне жауапкершілік алғысы келмейді. Алайда бұл олай емес. Сен өз оқиғаң-ды қайта құрастыра аласың, сен: «Мен бар болмысыммен өзіме ұнаймын. Мен әлемге керекпін. Мен өз өмірімді басқара аламын. Менің қолымнан келеді» деп айта аласың.


– Алайда, мен оған шын жүрегіммен сенбеймін, – деп қарсыласты Карл. – Шынымды айтсам өте сенгім келеді. Бар жан-тәніммен сенгім келеді! Мен де Марк сияқты күш-жігерге ие болғым келеді. Ол өліммен арпа-лысып жатса да, бәрі жақсы дейді.


– Мен осындай күш-жігерге туғаннан ие болған бірде бір адамды танымаймын. Ол Маркке де қатысты. Бәріміз алдымен жалғанға сенбеуіміз керек, екінші ағаштың: «Сен лайықсың. Қолыңнан келеді» деген дауысына құлақ салуымыз керек.


Карлдың көкейінде тағы бір сұрақ бар еді:


– Марк маған өзіндік сана үш аспектіден тұратынын айтып еді. Өзіңе сену – барлығы қолымнан келетінін білемін. Өзіңді құрметтеу– мен өзімді құрмет пен махаб-батқа лайықпын деп санаймын. Өзің туралы түсінік – мен кім екенімді білемін және оған шүкіршілік айтамын. Содан бері мені: «Ал мен кіммін?» – деген сұрақ мазалай-ды. Менің қазір оған жауабым жоқ.


– Сенің рухани дамуың өзіңе: «Мен кіммін?» деген сұрақты қойғаннан басталады, – деп түсіндірді дон Хосе.


Карлға әлі бәрі түсініксіз еді.


– Сенің рухани дамуың жауаптан емес сұрақтан басталады. Жауабы кейіннен өзінен өзі келеді. Бастысы, жауабына ниетің ашық болса, болғаны.


Карл осы сұрақты қойғанына мәз болды. Ол сұрақтың жауабын бірден іздеу керек деп ойлап еді, жауабын таба алмағасын жаны жай таппаған еді. Тек сұрақ қойып жүре беруге болатынын білгенде дәл бұлай қиналмас еді.


– Менің өзім де жауабын ұзақ іздедім, – деді дон Хосе. – Сосын сұрақты басқаша қойдым: «Мен кім болғым келеді?». Сол кезде менің басыма бірден мен үшін маңыз-ды және маңызы жоқ нәрселер, яғни немен айналысқым келеді және нені қаламаймын деген ойлар келе бастады. Бастысы мен өзімнің не қаламайтынымды түсіндім. Бұл өте жеңіл болып шықты. Сен де жасап көр.


Карл оған өзінің юрист мамандығына оқып жүргенін, бірақ оны ұнатпайтынын айтты. Айтып жатқанда оны анық қаламайтынын ұқты. Карл осы кезде «Оқуды тастау керек» деп шешті. Осы ойын Хосемен бөліскенде, ол:


– Осы уақытқа дейін сен басқа адамдарды: әке-ше-шеңді, достарыңды тыңдап келдің де, бұл сенің оқиғаң деп ойладың. Алайда бұл басқа адамдар құрастырған бейне, олар сені осыған сендірген, сенің болмысыңнан келіп тұрған жоқ. Сондықтан да сен бақытты бола алма-дың. Енді сен өз оқиғаңды құрастыра алатыныңды білесің. Ол үшін өзіңе мынадай маңызды сұрақ қоюың қажет: «Менің не үйренгім келеді?», «Кім болғым келеді?», «Менің мақсатым қандай?», «Неге қол жеткізгім келеді?», «Айналамдағылар үшін кім болғым келеді?».


– Ең алдымен мен Аннаның арманындағы ер азамат болғым келеді, – деді Карл.


– Онда сен ол азамат болғаныңды түсінуің керек. Сен қалаған адамың бола аласың. Адамның қабілетінен тыс және оған қажетсіз арманы болмайды. әйтпегесе бұл табиғат босқа күш жұмсады деген сөз болар еді. Сен егер өзіңе мен кіммін және кім болғым келеді деген сұрақты үздіксіз қояр болсаң, мұны жақсы түсінесің. Ары қарай саған одан сайын түсінікті бола береді. Біз туралы басқа-ралардың айтқаны шындыққа жанаспайды. Ол тек бірінші ағаш айтқан жалған әңгіменің көрінісі. Уақыты келгенде сен өзіңе кім екеніңді айтатын боасың.


– Жақсы болар еді. Бірақ мен оны қалай істеуді білмеймін, – деді Карл күмәнмен.


– Сен оны шын мәнінде қалайсың ба? – Әрине.


Дон Хосе риза кейіппен:


– Өзіне сенімді, өзінің бағасын білетін адамдар өзіне: «Мен махаббатқа лайықпын. Мен өзімді жақсы көремін. Мен өзімді мақтан тұтамын» дейді. Сен өзің туралы осылай айта аласың ба?


– Айтқым келеді. – Онда айт.


Карл оған түсінбей қарады да:


– Мен өзім туралы осылай ойлағым келеді деп тұрмын ғой, –деді.


– Әлбетте. Алайда ойлау үшін алдымен айту керек. Жай ғана айнаның алдына тұр да: «Мен сені жақсы көремін, Карл. Мен сені мақтан тұтамын» – де. Және не үшін мақтан тұтаныңды да айтып қой.


– Одан не ұтам? Мен бәрібір сенбеймін ғой, – деп сұрады Карл.


– Бұл сөздер арқылы сен ішкі негативті диалогыңды жаңа позитивті оқиғаға ауыстырасың. Егер бір ай бойы шыдамдылықпен осыны істер болсаң, онда ойларың-ның өзгере бастағанына өзің куә боласың. Соңында өз айтқандарыңа өзің иланасың, - деп түсіндірді Хосе.


– Мүмкін емес, бәрі осыншалықты оңай ма? – деп күмәнін білдірді Карл.


– Оны түсіну оңай болғанымен, өзіңмен осылай-ша сөйлесу оңай шаруа емес. Мүмкін тап қазір тексеріп көрерсің?


– Білмеймін. Шынында да неге көрмеске?


– Жақсы. Олай болса анау қабырғаға ілулі тұрған айнаға жақында. Бірнеше секунд көзіңе қарап тұр. Атың-ды айт та өзіңнің бір жақсы қасиетіңді айт: бір жақсы әрекетің, немесе сәттілігің, немесе басыңа келген бір ақыл туралы айт. Содан соң: «Мен сені жақсы көрем» деп айт. Тағы да атыңды айт та: «Сен керемет адамсың» де. Сосын терең дем ал, деміңді шығар да: «Рақмет» де.


Карл тұрып қалды.


– Болсаңшы, – деп қоймады Хосе. – Бұл біртүрлі сияқты.


– Жай ғана айт.


Карл өзінің айнадағы бейнесіне қарады да бар ерік-жігерін жинап:


– Карл сен кеше Марктің оқиғасында өте жақсы әрекет еттің. Сен қолыңнан келгеннің бәрін жасадың. Мен сені жақсы көрем, Карл. Сенің барыңа шүкір. Рақмет.


Таңқаларлығы ол өзін өте жақсы сезінді. Әсіресе айтылғанның бәрі шындық екені аян ғой, ол Маркке шын мәнінде жедел және сапалы көмек көрсетті.


Карл Хосеге алғыс айтты да бұл жаттығуды кемінде бір ай күнде таңертең жасаймын деп уәде берді.


 


Келесі екі күн көрген түстей өте шықты. Марк өзін жақсы сезіне бастады. Ол өзіне келгенше Анна мен Карл уақытын бірге өткізді, Мехико шетіндегі ежелгі храм үйінділеріне барды, керемет ауа райын тамашалап, бірге қыдырды.


Дегенмен, Карл бәрібір Аннаға лайық емеспін деген сезімнен арыла алмады. Анна да оның қашқақтап жүргенін байқады. Кейде ол бұны ұмытып кететін де, бәрі керемет болатын, кейде Карл тұңғиыққа батып кететін.


Екінші күні кешке жақын Анна оған тіке сұрақ қойды: – Мен саған ұнаймын ба?


Карл тосылып қалды. Сосын дон Хоседен білгенін айтып берді, айна алдында жасаған жаттығуы туралы жеткізді.


– Бұл жаттығуды мен де екі жылдан бері күнде жасай-мын. Маған Марк үйреткен. Ол маған өзіме басқаша қарауға үйретті және осы арқылы өзім де көп нәрсені өзгерттім, - деді сабырлы қалыпта Анна.


Сонан соң ол:


– Онда бірге жасайық. Мен бастайын, – деді. Ол Карлдың алдына тұрды да, оның көзіне қарап тұрып:


– Карл мен сенің қасыңда жүргеніме бақыттымын. Мен сенің керемет қабілеттеріңді көріп тұрмын. Мен сені жақсы көрем, Карл. Сенің болғаның қандай бақыт, Карл! – деді.


Карл қарсыласуға тырысты:


– Жоқ, сен өз атыңды айтуың керек, – деді де, бәрін түсінді. Оның көзіне қарап тұрып:


– Мен де сені сүйемін, Анна, – деді. Ертеректе ол бұл туралы ойлауға қорқатын еді. Дегенмен ол мұның шындық екенін түсінді. Бұл керемет еді.





Пікір жазу