meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  07.04.2023
  479


Автор: Аманжол Мақажанов

Өмір толқыны..

Толығып өмір парағы,
Күндерім жылжып барады.
Бір бақыт кетсе, келмеске
Бір бақыт есік қағады.

Жыр толы өмір шанағы,
Бақытын сыйлап шамалы.
Қуаныш сыйған сәттері
Мұңын да кейде шағады.

Бұл өмір бірақ бағалы,
Мың түрлі, маңғаз жағалы.
Бір үміт оты өшкенмен
Мың үміт отын жағады.

Біреулер бағын табады,
Ал, бірін мұңға қамады
Таласар кезек бақ пен мұң
Сонымен өмір бағалы.
Сәттілік сәті бір туар
Күтсеңіз болды шамалы...

Аманжол Мақажанов 27.03.2023







Пікір жазу