07.04.2023
  503


Автор: Аманжол Мақажанов

Достық жайлы- бірер сөз!..

Достық жыйлы- мынау менің білгенім,
Достық деген-сырға толы түндерім!
Аңқылдаған жаны жомарт сыр сандық
Бір толқында тербелетін үндерім.

Достық деген- шындығыңның айнасы,
Дос бар жерде, болмас қулық айласы.
Достық бекет, достың адал арымен
Достық мейір, достық сырмен жайнашы.

Арманыңа қанат қағар тұстарда,
Достық ақыл, керек бағыт ұстауға.
Адам тұрмақ, құрмет тұтқан достықты,
Жан-жануар, тіпті аң да, құстарда.

Достық қымбат, бағасын біл досыңның,
Доссыз тұман, доссыз қараң қосын күн.
Достарыңның барлық сырын бөлісіп,
Достық жырға жүру керек қосып үн.

Мұң қамаған, түнек сәттер легінде,
Достық ақыл үлкен демеу тегінде.
Достарыңның халін сұрап біліп тұр
Досқа уақыт, бөлуге еш ерінбе...

Достық туы желбіресін сән құрып,
Сырдан өрнек, сала берсін сәнді ғып.
Достық адал үміттер мен тілекті
Дақ түсірмей, сақтайықшы мәңгілік!!!

Аманжол Мақажанов 31.03 2021





Пікір жазу