07.04.2023
358
Жастық жыры!
Жастығым менің,
Жас күнім менің,
Желпініп жүрер, кездер-ай!
Желкенін жайған,
Жел өкпе қайран,
Жүйрігін күннің сезбеді-ай!
Көңілдер көктем,
Көл-гөсір еткен,
Көк нөсер, күлгін, күндер-ай!
Кекілді сезім,
Көрермен көзім,
Көз ілмей өткен түндер-ай!
Көшені бермей,
Көкеге көнбей,
Күреңді мінген, сәттер-ай!
Кестелі күнім,
Көшкендей бүгін,
Көрікті еді,тәтті еді-ай!
Жастығым менің,
Жаз күнім едің,
Жасанып алған кездер-ай!
Жағылған шырақ,
Жамылған құрақ,
Жастығым жанған кезбе еді ай!
Боз бала дәурен,
Бітпейтін әурең,
Балғынды, баулы белдер-ай!
Бұлақтай мөлдір,
Бермейтін өң бір,
Бейқам бір күндер, пернелі-ай!..
Аманжол Мақажанов Асқарбекұлы 31.03.2021ж