07.04.2023
  371


Автор: Ғарышкерлер күні

Айдын Айымбетов Ғарышкер

Қазақтан шыққан батыл жүректі үшінші Ғарышкері ол Айдын Айымбетов. Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаевтан кейінгі болып қазақтан үшінші болып Ғарышқа ұшқан бұл Ғарышкеріміз де Ғарыш кеңістігінде жасаған өзіндік зерттеулері бар Ғарышкеріміз болып табылады.
Ол 1993 жылдың мамырынан бастап Қазақтан Қарулы Күштерінің  қатарында қызмет атқарған. Өзі ұшқыш-истребитель Ғарышкерлер отрядына таңдау алдында Талдықорған қаласы маңындағы авиабазада авиациялық бөлімшенің командирі болып қызмет атқарды. 2009 жылдың желтоқсанынан Қазақтан Республикасы Ұлттық ғарыш Академиясы төрағасының кеңесшісі, агенттік департментінің директоры. 2011 жылдың наурызынан Сұлтанғазиев атындаы ғарыштық зерттеулер институтының  ғарыштық технологияларды ақпараттық-білімдік қамтамасыз ету бөлімінің бастығы. 2012 жылдың көктемінен Астана қаласындағы Оқушылар сарайындағы жас ғарышкерлер мектебінде ұстаздық етеді.(Ақпапат ғаламтордан алынды)
Ғарыш саласын озық меңгенген үшінші Ғарышкеріміз Айдын Айымбетов бойындағы ерекше қабылетімен дараланып, алдына мақсат қойып, арманына қол соза білді. Ол 2014 жылдан бастап Қазақтан әскери-әуе қызметінің полковнигі болып табылады.
Айдын Айымбетовтың ғарышқа ұшу жолындағы өткен белестері:
1993 жылы алғаш рет ғарышкерлікке өтініш беріп, екінші мәрте 2001 жылдың 5 мамырында Ғарышқа ұшу үшін өтінішін қайта берді.
2002 жылы Ресей-Қазақстан мемлекетаралық бірлескен ғарышқа ұшу келісімі аясында  Мәскеу қаласында медициналық комиссиядан өтті.
09.11.2002 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссия мәжілісінде Қазақстан Республикасы ғарышкерлері отрядына кіргізу туралы ұсыныс жасалынды.12.10.2012 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1304 қаулысы негізінде Қазақстан Республикасының ғарышкері дәрежесі берілді. 26.05.2015 жылы Қазғарыш баспасөз хатшысы Ербол Дәулетов 2015 жылы ғарышкер Айдын Айымбетовті британдық әншінің орнына 2015 жылдың қыркүйегінде ғарышқа жіберу туралы мәселені талқылап жатқандығын хабарлады.
2015 жылы 2 қыркүйекте 2-бортинженер ретінде транспорттық пилоттанған «Союз ТМА-18М» кемесінде ЭП-18 саяхаты аясында Байқоңыр ғарыш станциясынан Халықаралық ғарыш станциясына аттанды.[3]
Айдын Айымбетов ғарышта он күн болып, маңызды зерттеулер жүргізген болатын. Халықаралық ғарыш станциясынан оралған Айымбетовті президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі күтіп алды.
Ғарыш кеңістігін игеруге сіңірген аса зор еңбегі, ғарышқа ұшу кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін Қазақстан Республикасының ғарышкері Айдын Ақанұлы Айымбетовке 14.10.2015 жылы «Халық қаһарманы» атағы беріледі, сонымен қатар «Алтын жұлдыз айрықша ерекшелік белгісі, Отан ордені беріледі. (мәліметтер ғаламтордан алынды)
Қазағыма осындай қуаныш сыйлап отырған, қазақтың үшінші Ғарышкері атағына ие болып, елі үшін, жері үшін аянбай еңбек етіп жүрген Айдын Айымбетов әрқашанда біздің мақтанышымыз, біздің батыл жүректі Ғарышкеріміз. Оның аты тарих беттеріне қазақтан шыққан үшінші Ғарышкер болып жазылып, келесі ұрпаққа, ұрапақтан ұрпаққа жете береді деп сенеміз!
Барша Ғарышкерлерді, қазақ елін 12 сәуір күні тойланатын «Ғарышкерлер күнімен» шын жүректен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, қазағымды бар әлемге танытатын Ғарышкерлер саны көйбейіп, әрбір мұсылман баласының дені сау, отбасы аман болсын! Қазағымның көк байрағы көгімізде желбірей берсін!

«Ғажайып Қазақстан —2050» журналының және «Ғажайып Қазақстан»  газетінің бас редакторы Жібек Искакова,  Түркістан қаласы
     





Пікір жазу