06.04.2023
  552


Автор: Ғарышкерлер күні

Мен Ғарышкер боламын

ғарышкерлер күні 12 сәуір сурет фото

Тоқтардайын ержүрек,
Мен Ғарышкер боламын.
Талғаттайын рекордсмен,
Толған айдай толамын.
Айдындайын жанданып,
Ғарышкер боп қаламын.
Солардайын жаттығып,
Ғарышқа мен барамын.
Өз көзіммен зерделеп,
Көрем Ғарыш алаңын.
Әзірге бұл арманым,
Арманға қол созамын.
Ағалардай Ғарышкер,
Мен де әлі озамын.
Жібек Искакова





Пікір жазу