06.04.2023
  197


Автор: Дұға оқу

МАЗАСЫЗДЫҚ ПЕН УАЙЫМ БАСҚАН КЕЗДЕ ОҚЫЛАТЫН ДҰҒА

Аллаһуммә инни ъабдукә ибну  ъабдикә, ибну әмәтикә, нәсыйяти би йәдикә, мәдыйн фи-йә хукмукә, ъадлун фи-йә қадаукә, әс-әлукә бикуллисмин һууә ләкә, сәммәйтә биһи нәфсәкә, әу әнзәлтәһу фи китәбикә, әу ъалләмтәһу әхәдәм-мин халқикә, әуис-тә›сәртә биһи фи ъилмил-ғайби ъиндәкә, ән тәжъаләл қур әнә рабиъа қалби, уә нура садри, уә жәлә-ә хузни уә зәһәбә һәмми”.


Мағынасы: Ей, Алла! Шын мәнінде мен Сенің құлыңмын. Сенің құлың мен күңіңнің ұлымын. Менің тағдырым Сенің қолыңда, әрі Сенің үкімің маған міндет. Сенің маған жасаған үкімің әділ, Саған тән болған барлық есімдеріңмен Өзіңді атаған немесе кітабыңда түсірген немесе жаратылғандарыңның біріне үйреткен немесе Өзіңнен басқаға құпия еткен барлық есімдеріңмен Өзіңе жалбарынамын. Маған Құранды жүрегімнің көктемі, кеудемнің нұры әрі мазасыздығым мен уайымымды әкетуші ете гөр!


” ِّ Аллаһуммә инни әъузу бикә минәл һәмми уәл-хазәни уәл-ъажзи уәл-кәсәли, уәл- бухли уәл-жубни, уә даләъид-дәйни уә ғаләбәтиррижәл”.

Мағынасы: Ей, Алла! Расында мен уайым-қайғыдан, әлсіздіктен, жалқаулықтан, сараңдықтан, қорқақтықтын, қарызға батудан әрі 65 адамдардың басымшылығынан Өзіңе сыйынамын.




Пікір жазу