06.04.2023
97
ТӘШӘҺҺУД” -ТАН КЕЙІН ПАЙҒАМБАРЫМЫЗҒА АЙТЫЛАТЫН ДҰҒА
“Аллаһуммә салли ъалә Мухаммәдин уә ъалә әли Мухаммәд, кәмә салләй-тә ъалә Ибраһимә уә ъалә әли Ибраһим, иннәкә хамидун- мәжид, Аллаһуммә бәрик ъалә Мухаммәдин уә ъалә әли Мухаммәд кәмә бәрак-тә ъалә Ибраһимә уә ъалә әли Ибраһимә, иннәкә хамидун -мажид”.
Мағынасы:
Ей, Алла! Ибраһим (ъаләйһис сәләмға) және оның отбасына игілік еткеніңдей Мұхаммедке және оның отбасына да игілік ет, Шын мәнінде Сен аса мақтаулы әрі жоғарысың. Ей, Алла! Ибраһим (ъаләйһис сәләмға) және оның отбасына береке бергеніңдей, Мұхаммедке және оның отбасына да береке бере гөр.
Шын мәнінде Сен аса мақтаулы әрі жоғарысың.
“Аллаһуммә салли ъалә Мухаммәдин уә ъалә әз-уәжиһи уә зуррий-ятиһи, кәмә салләйтә ъалә әли Ибраһимә. Уә бәрик ъалә Мухаммәдин уә ъалә әз-уәжиһи уә зуррий-ятиһи кәмә бә-рактә ъалә әли Ибраһим, иннәкә хамидун- мәжид”.
Мағынасы:
Ей, Алла! Ибраһим (ъалейһис сәләмнің) жанұясына игілік еткендей Мұхаммедтің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) жұбайларына және оның ұрпақтарына да игілік еткейсің. Ибраһим (ъалейһис сәләмнің) жанұясына береке бергеніңдей Мұхаммедке (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) оның жұбайларына және оның ұрпақтарына да береке бергейсің.
Расында Сен аса мақтаулы, жоғарысың.