05.04.2023
  266


Автор: Ғарышкерлер күні

Құтты болсын Ғарышкерлер күні бұл

Он екінші сәуірде тойланатын,
Құтты болсын Ғарышкерлер күні бұл.
Ең алғашқы Ғарышқа ұшқан адам,
Гагариннің батыл жүрек үні бұл.

Ғарышкерлер күнін бір тойлайықшы,
Ғарышкерлер істерін мақтан етіп.
Тоқтар аға жасасын, Талғат аға,
Ерліктерін шығарып жақсы ән етіп.

Жасай берші қазағымның Ғарышкері,
Еліміздің шығарған атақ даңқын.
Тоқтар, Талғат, Айдыным аман болшы,
Ғарышкері қазақтың жаны алтын.





Пікір жазу