meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  05.04.2023
  805


Автор: Ғарышкерлер күні

Тоқтар,  Талғат Айдыным

Ғарышкерлер қазақтың батыры олар,
Ғарышқа ұшқан Тоқтар,  Талғат, Айдыным.
Зерттеулерін жүргізіп таңғажайып,
Сыйлай түсті еліме мол байлығын.

Тоқтар біздің ғарышкер ең алғашқы,
Елімізден аттанған бірінші боп.
Талғат болса Гиннестік кітапқа еніп,
Рекордымен жанданды бірінші боп.

Айдын болса айдындай жарқырады,
Ел алдында қадірін,  сақтап сыйын.
Эксперимент жүргізді ондаған ол,
Тағамдардың салмақсыз зерттеп күйін.
Жібек Искакова





Пікір жазу