05.04.2023
  223


Автор: Ғарышкерлер күні

Ғарышкерлер қазақтың

Он екінші сәуір ғарыш күні десе,
Ғарышкерлер келеді көз алдыма.
Ғарышкерлер қазақтың жүрек жұтқан,
Айналғандар елімнің нұр таңына.

Гагаринді алғашқы ғарышкер деп,
Тарих алды алтынмен аптап оны.
Біздің елдің алғашқы ғарышкері,
Тоқтар аға Әубәкіров соның жолы.

Одан кейін ұшқандар бар ғарышқа,
Мұсабаев Талғат ол үш рет ұшқан.
Үшіншісі Айдын ол Айымбетов,
Батырлары қазақтың жүрек жұтқан.
Жібек Искакова





Пікір жазу