meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  05.04.2023
  247


Автор: Ғарышкерлер күні

Тарихқа енді есімі Гагариннің

Тарихқа енді есімі Гагариннің,
Ең алғаш рет ғарышқа сапар шеккен.
Он екінші сәуірде Ғарышкер боп,
Өзгермейтін тарихтан орын тепкен.

Ғарышкерлер бар шыққан елімізден,
Гагариннің ізімен Ғарышқа ұшқан.
Ол әрине Әубәкіров Тоқтар аға,
Қорықпаған ғарыштан,  жүрек жұтқан.

Бір аптадан аса күн ғарышта боп,
Жаңалықтар әкелген бұл еліме.
Зерттеулерін жүргізіп ғылыми көп,
Көп пайдасын тигізген бұл жеріне. 
Жібек Искакова





Пікір жазу