05.04.2023
  534


Автор: Әсерлі әңгімелер

Сіңлісінің арын ақшаға сатқан қыз - 1 бөлім

Маржан мен Сандуғаш екеуі кішкентай кездерінен бері бірге ойнап күліп өсіп келе жатыр. Сандуғаш Маржаннан екі жасқа кіші болса да ерте есейіп, әрі ақылды, саналы қыз болғандықтан өз жасынан үлкендер мен араласып жүреді. Сыныптастары мен емес көбіне ұстаздары мен ересек адамдай қарым қатынаста жүреді. Маржан болса аздап еркелігі бар, жеңіл жүрісті қыз. Оның бұл жүрісіне отбасындағы жағдайдың да әсері болса керекті. Басқан қадамын аңдып, белгілі бір шекарадан шықпауын қадағалап, ұрсатын жерде ұрсып алатын әкесі мен ағасы өзге қалада вахтада жұмыс істейді. Анасыда күн көріс қамы мен таңертеңнен кешке дейн жұмыста. Кейде түнгі ауысымда жұмыс істейтін кезі де болады. Бәрі де Маржанның ағасы Шыңғысты үйлендіру үшін тынбай жұмыс істеп қаржы жинауда. Сол себептен де Маржан қаржы жағынан қиналып қалағаның бәріне қол жеткізе алмай күйзеліске түсіп жүр. Маржан мен Сандуғаш аталас туысқан болып келеді. Әке шешелері жиын тойда бас қосқанда ғана жүздеспесе арнайы бірін бірі іздеп араласқан емес. Анасы түнгі ауысымда түскен кезде үйде жалғыз қалудан қорыққан Маржан құрбысын үйіне түнеуге шақырып алушы еді.
- Анашым, Маржанның анасы түнгі кезекте екен. Мені үйіне қонуға шақырып жатыр.
- Қызым, сол қыз маған ұнамай жүр. Оның үстіне ауылда ол жайлы түрлі қауөсек тарауда. Бүкіл жігіт атаулы аңға шыққан аңшыдай соның үйінің маңын торуылдап жүреді деп естіп жатырмын.
-Ол қорқады ғой.
- Қорықса үйге келіп қонсын.Әкең мен ағаңнан сен үшін сөгіс естігім келмейді. Бармайсың дедім бітті.





Пікір жазу