Сіңлісінің арын ақшаға сатқан қыз - 11 бөлім
- Жаным былай істейік. Сен бұл жайлы ешкімге ештеңе айтпа. Жарайды ма? Әйтпесе әлгі жігітке пышақ тыққаның үшін сені полиция әкетіп қалады.
- Полиция әкетеді ме? Бірақ әпке ол жаман адам екен деп ойлап қалдым ғой.
- Жоқ, ол жаман адам емес. Сен дұрыс түсінбедің. Айтиым ғой саған. Біз көрініске дайындалып жатырмыз.
- Ааа, жарайды онда. Мені кешіршіңіз. Бірақ егер де біреу сізге жамандық жасаса маған бәрібір. Полиция алып кететінін білсем де мен сізге жамандық жасаған адамды өлтіремін.
- Жаным менің. Сенің барыңа шүкір. Сен болмасаң не етер едім. Есіңде болсын ешкімге тыс жарма. Әйтпесе сені полиция алып кетсе мен қайтемін?
- Ешкімге айтпаймын.
Сандуғаш түні бойы көз ілмей көзі жастан құрғамай таңды әрең атырып, таңертең ерте мен інісін жетектеп мектепке кетіп қалды. Сабақ уақытында мазасы болмай отырғанын байқаған мұғалімдері қайта қайта сұраққа алса да еш біріне үн қатпады. Маржан әр қоңырау сайын оны іздеп келіп жағдайынан хабар алып тұрды. Бұл оқиға сол күйі жабулы қазан күйінде қалды. Ешкім білген жоқ. Біреулер күдіктеніп қалмауы үшін Сандуғаш Маржан мен мүлдем арақатынасын үзіп тастаған жоқ. Тек жиындарда бас қосқанда әпкесі ретінде ғана көрісетіні болмаса, сырлас мұңдас құрбылар емес. Осыдан тоғыз жыл бұрын осындай сұмдықты басынан өткізген басты кейіпкеріміз Сандуғаш бұл күнде сүйікті жар, үш бүлдіршіннің анасы. Сүйікті келін, үлгілі жеңге. Ал Маржан болса бірнеше күйеуден ажырасып келіп әке шешесін қара бер етіп отыр. Ауру қалса да әдет қалмайды дейді ғой. Әр жігіт пен бір аймаласып үйренген Маржан тұрмыс құрса да бұл әдетін қоя алмай бір емес үш күйеуден ажырасып ақыр соңы жөзекше болып жүр. Әсеттіңде күйі осы.. Бірнеше әйел алып дәм-тұзы жараспай ажырасып жүр. Әр әйелдің етегінде баласы кетті. Не әйел жоқ, не бала жоқ.
Алла тағала әр бірімізге бұл әңгімедегі зұлым кейіпкерлердің ісін қайталамайтын саналы да, салиқалы, иманды ұрпақ, адал келін нәсіп етсін.
Соңы.