05.04.2023
  250


Автор: Әсерлі әңгімелер

Сіңлісінің арын ақшаға сатқан қыз - 10 бөлім

- Жетер, жетер енді. Үндеріңді өшіріңдер. Мен сендерге қуыршақпын ба? Алла тағала бәрін көріп, естіп тұр. Сендерді Алла жолына салдым. Жазаларыңды бір Алла берер. Бүгін болғанның бәрін ұмытасыңдар. Мен де ұмытамын. Егер де ертең жұрт шулап өсек етер болса мына бәріңді қылмыстық топ ретінде жауапқа тартқызамын. Мені жас ақымақ қыз деп ойласаңдар қатты қателесесіңдер. Мына жерде тұрған « жігіт» атауынан садаға кеткір оңбаған сүмелектер сендерге де әркімнің қолында қуыршақ болған, дәл өздеріңдей малғұндар арын таптаған әйел бұйыртсын. Сендердің де үйлеріңде ұарындас, әпкелерің бар емес пе? Мен ешкімге жамандық тілемеймін. Тіпті менің жеті жасар інім әпкесін қорғау үшін біреуді өлтіруге дайын болды. Ал егер сендер өз қарындасыңның немесе әпкеңнің ары тапталып жатқан жерінің үстінен түссеңдер не істер едіңдер? Сен бәрін сатып аламын деп ойласаң қатты қателесесің. Егер шамам жетпесе ар, ұят бәрін жиыстырып артымнан мыңдаған әйелдерді ертіп шеруге шығуға да батылым жетеді. Сондықтан да бүгін болғанның бәрі осы жерден тысқа шықпасын.
Маржан енді менің сендей құрбым жоқ. Алла тағаладан алдағы уақытта сендей сатқын құрбыларды кезіктірмеуін сұраймын. Сандуғаш інісінің жанына барып, жылап отырған бауырын құшақтап жұбатуға тырысты.
- Жаным бауырым менің. Сен қорықпа. Сен негізі дұрыс түсінбедің. Біз негізі көрініске дайындалып жатырған болатынбіз.

Жалғасы бар





Пікір жазу