05.04.2023
  169


Автор: Әсерлі әңгімелер

Сіңлісінің арын ақшаға сатқан қыз - 7 бөлім

Ас үйді жинап, ыдыстарды жуып жүрген Сандуғаштың жанына ұзын бойлы, сымбатты жігіт жақындап келді.
- Сәлем.
- Сәлем.
- Тамағың өте дәмді болыпты. Тек аздап тұзы басымдау екен. Сол себепті шөлдеп тұрмын. Маған аздап су құйып бересің бе?
- Өзіңнің аяқ қолың сау, бүтін емес пе? Өзің қалағаныңша құйып іше бер.
- Алғашқы рет көрген адамға осылай дөрекі сөйлеуге болады ма екен?
-Менің уақытымды алмасаңыз дұрыс болар еді.
- Уақытың тым қымбат екен.
- Не дейсіз? Түсінбедім?
- Жоқ, ештеңе емес. Жарайды суды өзім ақ алайын.
Жігіт шыны ыдысқа су құйып алды да, орындыққа жайғасып Сандуғаштың әр қимылын бақылап отырды.
Сандуғаш ыңғайсызданып емін еркін қозғала алмай әрең тірлік істеп жүрді.
- Сіз неге сыныптастарыңыз бен биге дайындалмайсыз?
- Менің жұбым жоқ. Мүмкін сен маған жұп боларсың?
-Өтініш шығып кетіңізші. Мен жұмысымды аяқтап інімнің жанына баруым керек. Мына қатты дыбыстан оянып кетсе шошып қалуы мүмкін.
- Не деген пысық қыз едің? Бәріне үлгеріп жүреді екенсің.
- Шығып кетесіз бе?
- Наздана бермесеңші. Танысайықта.
- Егер шықпасаңыз онда мен шығып кетейін. Сау болыңыз.
- Тоқтасаңшы қайда барасың?
- Менің сізбен босқа салғыласып тұратын уақытым жоқ.
Жігіт есіктен шығып бара жатқан Сандуғаштың қолынан өзіне қарай тартып қалды.

Жалғасы бар





Пікір жазу