05.04.2023
  198


Автор: Әсерлі әңгімелер

Сіңлісінің арын ақшаға сатқан қыз - 6 бөлім

- Бір сыныптас жігіт бар. Өте әдемі, мектептегі жігіттердің алды. Барлық қыз соның артынан еріп жүреді.
- Маржан, тағы бастадың ба? Жігіт анау мынау маған қызық емес. Қаламаймын, ондайды маған айтпашы.
- Осылай жүре бересің бе? Естуімше сенің де соныңнан түскен жігіт көп көрінеді. Егер жаныңда сені қорғайтын, арқасүйер жігітің болса өзгелер саған көз салмайтын болады. Жігітің болмаса мына заманда жалғыз жүру өте қорқынышты. Әкесі өте бай адам.
- Маған айқша, байлық мүлдем қызық емес.
Оның бәрі де уақытша дүние.
- Жаным, мен сені өз сіңілімдей көретінімді жақсы білесің. Сенің болашағың үшін қатты алаңдаймын. Сен өте аңғал сөзге сенгіш, ақкөңіл жансың. Сені алдап біреу міреу торына түсіріп абыройыңды ойрандайма деп қорқамын. Ал мен адам ажырата аламын. Әсеттің өте адал, қыздарға қырындап, мазасын алмайтын, артық сөз, іс жасамайтын жігіт екеніне мен жүз пайыз кепілдік беремін.
- Маған жігіт пен жүруге әлі ерте. Қазір тек оқуға көңіл бөлуім керек.
- Мен дәл қазір жүр демедім ғой. Бірінші танысып көр. Сосын жүре бересің.
Маржан құрбысын үгіттеп көндіре алмай отырғанда ысқырып жігіттер келіп тұрғандарынан белгі берді. Маржан дереу сыртқа атып шығып екі қыз бен үш жігітті үйіне кіргізді. Алды мен ас бөлмеге кіргізіп Сандуғаштың пісірген тағамдарын өзі дайындағандай мәз мейрам болып мақтана оларға ұсынды. Олар болса дымын қалдырмай жеп алды. Содан кейін қонақ бөлмеге кіріп музыканы қосып билей бастады.

Жалғасы бар





Пікір жазу