Сіңлісінің арын ақшаға сатқан қыз - 5 бөлім
- Жәрайды, бар ойнай ғой. Бірақ үстіңді былғап тастама.
- Жарайды, әпке.
- Санду жүрсеңші бірге барып қайтайықшы.
- Жоқ, өзің бара бер. Кеш батқанда қыз баланың көшеде селтеңдеп жүргені жөн емес.
- Тууу сенде бір. Дәу кемпірлер ұқсап сөйлегенді қойшы. Жүрші енді.
- Түріңе қарасам дүкенге емес кездесуге баратын секілдісің ғой.
- Қойшы, барсаң бар. Бармасаң үндемей отыра берші.
- Бармаймын, өзің кете бер.
- Жарайды, өзің білесің.
Маржан көшеге шығып кетті, Сандуғаш болса інісіне бас көз болып артынан еріп отырды. Күн қызара ұясына батар шақта, інісін көшеден ертіп келіп, жуындырып ұйқысы келіп, бірақ қарны ашқанынан ұйықтай алмвй ыңырсып жылап отырған бала бұл үйден берер ештеңе таппаған соң нанға кеткеніне бір сағаттан асқан құрьысына ашулана бастады.
Ары қарап бері қарап ақыры болмаған соң үйде бар заттан аздап тамақ істеп, ашытқысыз ас содасын қосып қамыр илеп бауырсақ пісірді. Інісінің қарны тойып терең ұйқыға кеткен кезде Маржан үйіне бір-ақ оралды.
- Нан ашытып, пісіретін уақыт болды емес пе? Соншама жоқ болып кеткенің не?
- Кешкі уақыт болған соң көп дүкенде нан жоқ. Әрең іздеп таптым. Сен не тамақ істедің бе?
- Иә, Мақсаттың қарны ашып жылап кетті. Картоп қуырдым. Еш қарсылығың жоқ шығар.
- Жоқ, қалағаныңды жей бер. Қайта дұрыс болды. Менің де қарным аш. Қазір үйге бір екі сыныптасым келеді. Ертең концерт береміз. Соған биге дайындалуымыз керек.
-Келсе келе берсін. Оны неге маған айтып тұрсың?
Жалғасы бар