05.04.2023
  215


Автор: Әсерлі әңгімелер

Сіңлісінің арын ақшаға сатқан қыз - 4 бөлім

Сандуғаштың қасына інісін ертіп келгенін көрген Маржанның қабағы түйіліп, ашулана құрбысы мен амандасты. Түріне қарасаң «мынаны неге ертіп келдің» деп айта алмай тұрғанын бірден аңғаруға болады.
- Санду, ініңді неге ертіп жүрсің?
- Оның сабақ оқуына көмектесуім керек. Мен болмасам анам үй шаруасын жасап бұларға қарауға мұршасы болмайды. Мақсат сөмкеңді ашып кітаптарыңды ал. Үй тапсырмасын орындаймыз.
- Сендер отыра беріңдер. Мен қазір келемін.
Сандуғаш анасының Маржанға сенбейтінін сол себептен де інісін қосып жібергенін Маржанға айтқан жоқ. Негізі мінезі сондай тамаша жан. Біреудің ісін, айтқан сөзін екінші адамға жеткізгенді мүлдем қаламайды. Өзгенің өміріне мұрнын тыққысы келмейді. Мінезі сондай көркем жан. Бірақ кіші болғанына қарамастан Маржанның ісіне наразы болып ақыл айтып жөнге салатын кездері де болады. Әпкесі мен інісі екеуі сабақ орындап отырғанда Маржан душ қабылдап қысқа белдемше, кіндігі ашық жейде киіп, шашын әрлеп, бетін бояп айна алдында бір сағат өзімен өзі арпалысты.
- Санду болдың ба?
- Жоқ, әлі біткен жоқпыз. Бір жаққа барасың ба?
- Дүкенге барып қайтайықшы. Үйде нан бітіп қалыпты.
- Өзің барып қайта берсеңші.
- Әпке, менде шаршап кеттім. Осы жазғанымда жетер. Көшедегі балалар мен біраз ойнап қайтайыншы.
-Әне көрдің бе? Ол әлі кіп кішкентай бала емес пе? Ал сен оған бір том кітап оқытып отырсың. Баланың балалығын ұрлап тұрғаныңды білесің бе? Бала болып доп қуалап ойнамаса балалық шақтың несі қызық?

Жалғасы бар





Пікір жазу