05.04.2023
167
Əжем
Əнін шығарған Бақтығали Жұмалин
Əже деген көп шығар,
Əжемдейі жоқ шығар?!
Мейірімді бұл кісі,
Қандай ғажап күлкісі?!
«Айналайын» дегені,
Жанға рахат береді.
Көңіліңді табады,
Əнді қалай салады!
Ертек қандай көп еді,
Күнде айтып береді.
Қуанатын балаша,
Əжем менің тамаша!