05.04.2023
199
Бұлақ қайда барасың?
Əнін шығарған Балтабай Қыдырбаев
– Күндіз-түні ағасың,
Бұлақ қайда барасың?
– Асығамын шөлдерге,
Құям барып көлдерге!
Көлдің суы молығар,
Үлкен-кіші шомылар.
Жағама сен келгенсің,
Гүлдерімді тергенсің.
Ішсең мейір қандырғам,
Ұмыттың ба, балдырған?!
– Ұмытпаймын, бұлағым.
Білейін деп сұрадым.
– Тағы бар ма сұрағың?
– Рақмет, бұлағым!
Дос екенсің адамға,
Күліп-ойна даламда!