05.04.2023
  92


Автор: Серікбай Оспанов

Əрқашан дайынбыз

Əнін шығарған Əшірхан Телғозиев
Сенеміз елдіктің күшіне,
Қайда да алда боп дəйім біз.
Үлкенге, құрбыға, кішіге
Көмекке əрқашан дайынбыз!
Гүл егіп, дəн сеуіп қойнауға,
Тек жақсы оқимыз дəйім біз.
Туған жер, өзіңді қолдауға,
Қорғауға əрқашан дайынбыз!
Құрыштай ініміз, ағамыз,
Ұлы Отан, күніңбіз, айыңбыз.
Туған ел – ардақты анамыз,
Ісіңе əрқашан дайынбыз!





Пікір жазу