05.04.2023
160
Жаңа жыл келді
Əнін шығарған Əшірхан Телғозиев
Жаңадан тақпақ
Алдық біз жаттап.
Жаңа жыл келді,
Жаңа жыл – аппақ.
Қайырмасы:
Жаңа жыл сəнді,
Жаңа жыл əнді.
Тебеміз коньки,
Тебеміз шаңғы.
Шыршаға бардық,
Ойынға қандық.
Аяз атадан
Ойыншық алдық.
Қайырмасы.
Қуантып елді
Жаңа жыл келді.
Өсетін болдық
Бір жасқа енді!
Қайырмасы.