05.04.2023
  147


Автор: Серікбай Оспанов

Кім болам?

Əнін шығарған Өмірбек Байділдаев
Ойнаймын мен,
Ойлаймын мен,
Ержеткенде кім болам?
Қолдаймын мен,
Қорғаймын мен,
Ел сүйетін ұл болам?
Ер жетемін,
Еңбек етем,
Жайнай түссін кең далам!
Шөлден өтем,
Өрден өтем,
Ел қамқоры мен болам!





Пікір жазу