05.04.2023
147
Балабақша балалары
Əнін шығарған Əшірхан Телғозиев
Балабақша балалары
Жуынады, таранады.
Би билейді, тақпақ айтып,
Əсем əн де сала алады.
Қайырмасы:
Тату-тəтті, жолдас құрбы,
Балабақша балалары.
Сая бақта қыдырады,
Ойын ойнап, шынығады.
Балабақша өз үйіндей,
Ұйықтайды, тынығады.
Балабақша балалары
Келгенінше шамалары
Əріп жазып үйреніп жүр,
Ертең «бестік» баға алады.
Қайырмасы.