05.04.2023
193
![](/uploads/shorttexts/author_image/mrm.png)
Ұстазым - əнім
Əнін шығарған Əшірхан Телғозиев
Жауап берер əрдайым
Сұрақ қойсаң тосылмай.
Ақ шалса да самайын,
Көрінеді досыңдай.
Қайырмасы:
Өмірдің мəнін,
Үйреткен бəрін.
Ұстазым – үлгім,
Ұстазым - əнім.
Бізге талай үйретті
Білімде зор күш барын.
Құдіретті де құрметті
Ұлағатты ұстазым.
Қайырмасы.
Айтады тек дұрысын,
Өмір сырын ақтарып.
Ренжиді ол біз үшін,
Біз үшін ол шаттанып.
Қайырмасы.