03.04.2023
  152


Автор: Серікбай Оспанов

«Көкбалақ», «Кербалақ», «Қара жорға», «Сылаң торы»


Жасынан өскен тай мініп,
Атақты күйші Байжігіт
Шапса, озатын бұлақтан,
Жүйрік атты ұнатқан.
Жаратса небір жүйрікті,
Жарысып желмен құйғытқан.
Талай шауып алысқа,
Бас бəйге алған жарыста.
Тұлпары – құстай самғаған,
Бір шаңға бір шаң жалғаған,
Бір таңға бір таң жалғаған
«Көкбалаққа» күй арнаған.
Сəйгүлігі артта қалмаған,
Шалдығып, шаршап, талмаған.
Мүсіні көзді арбаған
«Кербалаққа» күй арнаған.
Атбегі болған ол дана,
Күйі оның – «Қара жорға» да.
Қойсаң да толқып төгілмес
Су толы шелек жонына,
Бермеген бəйге тобына
Жорғаға күй арнаған,
Күйі оның – «Сылаң торы» да.
 
Тұлпарды талай баптаған,
Баптаса, елі мақтаған
Мінгені жорға сəйгүлік,
Майталман күйші Байжігіт.





Пікір жазу