meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  03.04.2023
  231


Автор: Серікбай Оспанов

Мұрат пен шөп

Өзінше өте білгіш-ақ,
Шөп əкеліп бір құшақ,
Мұрат дəрі етпекші,
Ішіп, өсіп кетпекші.
Дəрілік шөп түрлерін,
Қай мезгілде гүлдерін,
Қашан жинау керегін,
Білмейді əрі көмегін.
Ойламайды ол жағын,
Дəрі жасау жолдарын.
 
Жайлауға да бармайды,
Шөпті қалай таңдайды?
Шығып алып көшеге,
Ел:
– Өспейді! – десе де,
Дəрілік шөп таңдайды,
Атын атай алмайды!





Пікір жазу