03.04.2023
  165


Автор: Серікбай Оспанов

Жауқазын

Қорықпай əсте мұз, қардан,
Аяздан,
Соққан ызғардан,
Қорықпай əрі ол аңнан,
Қорықпай əрі бораннан
Күн нұрын жерге төккенде –
Жауқазын көктеп шығады,
Желбіреп желмен тұрады.
Сұлу да батыл, бар күші
Жауқазын – көктем жаршысы!





Пікір жазу