03.04.2023
  110


Автор: Серікбай Оспанов

Қарандыз

Тұрып алып таңнан біз,
Орман жаққа барғанбыз.
Жағасында өзеннің
Өседі екен қарандыз.
 
Шығыпты оған сары гүл,
Емес бірақ дəрі бұл!
Ұзын, түкті сабағы –
Белгісі оның тағы бір.
Талай мұнда болғанбыз,
Қалай көрмей қалғанбыз?!
Жуан, ащы тамыры –
Дəрі шөп қой қарандыз!
Тиген жоқпыз оған біз,
Дəрі шөпке қорғанбыз!





Пікір жазу