03.04.2023
  147


Автор: Серікбай Оспанов

Жолжелкен

Соққан желмен қалтырап,
Тұрды сансыз жапырақ.
Қарап едік төніп біз,
Қоңыр гүлі көріксіз.
Қай өсімдік болды екен?
– Десек,
Бұл шөп – жолжелкен.
Болмаса да ең көркем,
Шипалы шөп – жолжелкен!





Пікір жазу