meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  03.04.2023
  142


Автор: Серікбай Оспанов

Балқарағай

Жыл санап бұл ұзарған,
Жапырағы қылқандай.
Шырағдандай қызарған
Бұтақтағы бүр қандай?!
 
Балқарағай шірімес,
Жасапты одан кемені.
Бүр жарғанмен гүлі кеш,
Жылда жеміс береді.
Түк емес жаз ыстығың,
Елемес қыс айын да.
Спирт, сірке қышқылын,
Береді ол шайыр да!





Пікір жазу