meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  03.04.2023
  808


Автор: Серікбай Оспанов

Алмұрт

Суықта бір жауынды
Далада ойнап күнімен,
Мұрат біздің ауырды
Жөтеліп күн-түнімен.
Өкпесі де қысылып,
Тамағы да қарлықты.
Берді сосын пісіріп,
Əжем оған алмұртты.
Мұрат содан жазылды,
Қуанды апам, көкем де.
Пісірсе, алмұрт – кəдімгі
Дəрі өкпеге, жөтелге!





Пікір жазу