03.04.2023
  109


Автор: Серікбай Оспанов

Бұлан мен құлан

Білесің бе бұланды,
Білесің бе құланды?
Мүйізі бар бұланның,
Мүйізі жоқ құланның.
 
Бұлан – бұғы тұқымдас,
Құлан - жылқы тұқымдас.
Бұл екеуі бір деме,
Ұқсамайды мүлде де!





Пікір жазу