meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  03.04.2023
  127


Автор: Серікбай Оспанов

Бұлан

Басына ағаш өскендей,
Жүрсе ол бірге көшкендей.
Тиіспейді кісіге,
Бар қасына сескенбей.
 
Шоқытады, желеді,
Бұлан, міне, келеді.
Бұғыға сəл ұқсайды,
Бірақ одан денелі.
Күжірейген түрін-ай,
Жалпақ, доғал мұрнын-ай,
Жуан, қысқа мойны да,
Сымбатты емес бұғыдай.





Пікір жазу