meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  03.04.2023
  93


Автор: Серікбай Оспанов

Əтеш

– Жағаласып кей күндер,
Таласып жем жейтіндер
Білесің бе не екенін,
«Ку-ка-ре-ку!» дейтіндер?
 
– Ол – əтеш қой, білемін,
Күнде көріп жүремін!
Ерегесіп қалады,
Төбелесіп те алады.
Марат деген баланы
Бəрі əтешке теңейді.
Айырмасы оның тек
«Ку-ка-ре-ку!» демейді.





Пікір жазу