03.04.2023
  135


Автор: Серікбай Оспанов

Құстар ұшып келеді

Күнде аспанға қараймын,
Қайтқан құсты санаймын.
Үш бұрыш боп тырналар
Көк жүзінде сырғанар.
Қызғыш ұшар шуылдап,
Үйрек ұшар суылдап.
Аққу өтер əн салып,
Мен тұрамын қарсы алып.
Қанаттары жалпылдап,
Қарға келер қарқылдап.
Өте қызық көктемде,
Қаздар қалқып өткенде...
Шуағын күн төгеді,
Құстар, құстар келеді.
«Көктем болды» деп бізге
Жақсы хабар береді.





Пікір жазу