03.04.2023
  106


Автор: Серікбай Оспанов

Бəрін жақсы көремін

Маса, шыбын қорегі,
Жерден дəн, құрт тереді.
Мынау үйрек, қарашы,
Мынау қаздың баласы.
Ал, мынаған қарашы,
Бұл – тауықтың баласы.
Балапан ғой бəрі де,
Құмар пісте дəніне.
Əдемі үрпек бастары,
Бəрі бірдей сап-сары.
Бəріне жем беремін,
Бəрін жақсы көремін.





Пікір жазу