meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  03.04.2023
  104


Автор: Серікбай Оспанов

Күшіген

Адам қорқар түсінен,
Пайдалы тек ісімен:
Өлексе жеп,
Аурудан
Сақтайды елді күшіген.
Құс емес ол күші кем,
Күшіктігі ісінен:
Болғанымен жыртқыш құс,
Түспейді аңға күшіген!





Пікір жазу