meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  03.04.2023
  116


Автор: Серікбай Оспанов

Бірқазан

Бірқазансың, ауырсың,
Сонда да сен тəуірсің!
Неге бұйра болды екен,
Желкеңдегі қауырсын?!
Былтырғы ұяң қалып па,
Сал ұянды, жалықпа!
Алқымдағы қапшығың,
Толып тұр ғой балыққа.
Балықтармен ойнайсың,
Асап неге қоймайсың?!
Ауырсың-ау сондықтан –
Жей бересің,
Тоймайсың!





Пікір жазу