03.04.2023
  131


Автор: Серікбай Оспанов

Аққу

Аққудан сұлу құс бар ма,
Қанаты қандай ұшқанда?!
Тұрарсың қалай мақтамай,
Сұлуын-ай, аппағы-ай!
 
Шығатын сыңсып, дірілдей,
Үн бар ма ғажап үніндей?!
Сымбатты мойны иілген,
Бар адам оған сүйінген!





Пікір жазу