03.04.2023
  62


Автор: Серікбай Оспанов

Лашын

Құйылады төменге,
Көтеріліп жоғары.
Көрген жемін ол демде
Тұяғымен соғады.
Қанаттары суылдап
Ауаны осып тіледі.
Ақса төмен зуылдап,
Тұяғы жем іледі.
Ол атқан оқ сияқты,
Қызық көріп тұрасың.
Тегеурінді тұяқты,
Ең ұшқыр құс – лашын.





Пікір жазу