03.04.2023
109
Тауқұдірет
Тауқұдірет – құс кішкене,
Білмеймін не оған керегі?!
Күндіз де,
Түн де,
Кеште де
Өз атын атай береді.
Жем іздеп, таппай қайтқанда
Алысқа даусы жетеді.
Атын ол тез-тез айтқанда,
Құдіреттау боп кетеді.