03.04.2023
102
Дуадақ
Шөл далада дуадақ
Қалған-ау деп ұша алмай,
Кеттік біздер қуалап,
Оп-оңай-ақ ұстардай.
Айтып едім үйге кеп,
Атам ашуланғаны:
«Аз құс қой ол, тиме!» – деп,
Ұрсып-ұрсып алғаны.
Бостан-босқа шұбырып,
Əуре боппыз қуалап.
Жерде жылдам жүгіріп,
Ұшады екен дуадақ.