meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  03.04.2023
  127


Автор: Серікбай Оспанов

Қарақу

Қарақу паң, сабырлы,
Сұлу еді, ой, қандай?!
Аққуларды кəдімгі,
Бояп біреу қойғандай.
Алмадым-ау жақындай,
Тояр көзім, көңіл бір.
Балапаны, апырым-ай,
Бола ма екен көгілдір?!





Пікір жазу