03.04.2023
  98


Автор: Серікбай Оспанов

Ұя

Естен шығар ол күн қалай,
Тоғайға атам сан апарды.
Сонда ұядан көрдім талай
Сары ауыз, көп балапанды.
Алғым келді бір балапан,
Алғаш сондай қызықтым да.
Ашуланып бұған атам,
деді:
– Сен, не, бүзықсың ба?!
Кім жамандық тілеуші еді,
Ойың сондай шолақ екен.
Алып кетсе біреу сені,
Бізге жақсы бола ма екен?!
Өссін аман үясында,
Күйге орманды ертең бөлер.
 
Біреуге сен қиясың ба,
Алып кетсе бөпенді егер?!
Ұя – үйі,
Үйің – ұя,
Білгенің жөн, сүйікті, еркем,
Тосады ертең мұны қия,
Сен де ұшасың биікке ертең.
Үй мен ұя қаңырады,
Көрді соғыс өртін елім.
Түсінерсің, жаным, əлі,
Ұя бұзба –
Сол тілегім!





Пікір жазу