03.04.2023
  341


Автор: Серікбай Оспанов

Күй аспаптары

Халықтың əн-күй сүйгені,
Кезі жоқ одан қол үзген.
Тартылған қазақ күйлері
Домбыра, абыз – Қобызбен.
Тартылып əлі келеді,
Ырғақты, күйлер қуатты.
Жаныңа нəр боп енеді,
Мұңды олар, кейде шуақты.
Сан ойға бөлеп жүр бізді,
Шешен де, үнді шетінен –
Саз сырнай, сырлы сыбызғы,
Шаңқобыз, көне Жетіген.





Пікір жазу