03.04.2023
  185


Автор: Серікбай Оспанов

Əлем толы əн мен күй

Жарық шашып күн шықса,
Үнге бөлеп даланы,
Қараторғай, шымшық та
Күй тартып, əн салады.
Қосылады оларға
Қурай, бұлақ, қамыс та.
Сыңсыр желмен орман да,
Тырысқандай намысқа.
Дəрі– əн мен күй!
Ол-тыныс!
Деме аң-құс білмейді.
Музыкаға тоты құс,
Піл теңселіп билейді.
Музыка- елдің жүрегі,
Тыңдай біл де, жанмен сүй!
Бойға нəр боп сіңеді
Əлем толы əн мен күй!





Пікір жазу