03.04.2023
  190


Автор: Серікбай Оспанов

Қазақтың саз аспаптары

Қазір көбі ұмытты,
Біл жөн,
Əдет-ғұрыпты.
Салтымызды, дəстүрді –
Бар оларда жақсы үлгі!
Бар əлемге тараған–
Қалған мұра бабадан:
Əніміз бар дəстүрлі,
Күйіміз бар сан сырлы.
Домбыраны білесің,
Күнде шертіп жүресің.
Сыбызғы мен кернейді
Қалай тартқың келмейді?!
Асатаяқ, қылқобыз
Көріп жүрміз күнде біз.
Жетіген мен шертерге
Əлемде аспап жетер ме?!
Серік бізге сан дəуір
Дауылпаз бен шаңдауыл.
Қоңырау мен дабылды
Қақсаң, тербер жаныңды.
Қамыс сырнай, саз сырнай
Үні сондай жағымды.
 
Оларда елің сыры бар,
Қуанышы, мұңы бар.
Сана, қанша түрі бар?
Атауларын біліп ал!





Пікір жазу