03.04.2023
  430


Автор: Серікбай Оспанов

Биші

Табаны жерге тимейді,
Əпкем ғажап билейді.
«Би- сұлулық, əсемдік,
Сымбаттылық – бұл!» дейді.
Бидің білер ол бəрін,
Көрсең, шіркін, қолдарын.
Қандай белі, аяғы!
Жоқ ешқандай онда мін.
Тіп-тік екі иығы,
Жарасар бар киімі.
Дөңгелене жөнелер,
Шыққанда əсем күй үні.





Пікір жазу